Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 10 000 қадам акциясына қатысуда

Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 10 000 қадам акциясына қатысуда

Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері 10 000 қадам акциясына қатысуда

Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері дене белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және командалық рухты нығайту мақсатында «Спортта қызметтегідей: кезең-кезеңімен» акциясы аясында ерікті түрде 10 000 қадам шарасына қатысуда.

Сондай-ақ, аталған шараға ЖҚАЖ қызметкерлерінің отбасы да ат салысты.
Бұл акция Ішкі істер органдарындағы қызметкерлердің физикалық жай-күйін жақсарту, артық салмақтың алдын алу және жалпы денсаулықты нығайту мақсатында ұйымдастырылған. Акцияға қатысқан полицейлер күн сайын 10 000 қадам жүріп, өздерінің денсаулықтарын жақсартып, салауатты өмір салтына деген қызығушылықтарын арттырады.

Акцияның басты мақсаты — полиция қызметкерлерінің физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту, сонымен қатар, олардың қызмет барысында жоғары жұмыс қабілеттілігі мен стресс төзімділігін қалыптастыру. Әрбір қызметкер дене белсенділігі арқылы өз ағзасының мүмкіндіктерін жақсартып, жұмысқа дайындықтарын арттырады.