5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі!

 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі!

Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі!

Бұл нені білдіреді:

🔑 Мопедті басқару үшін қажет болады:
🔹Полицияда тіркеу
🔹A1, A немесе B санатындағы жүргізуші куәлігі
🔹Техникалық байқаудан өткізу және сақтандыру полисі

❗️ Мопедті қалай тіркеуге болады:
1. Тұрғылықты жеріңіз бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға барыңыз.
2. Қажетті құжаттарды дайындаңыз:
🔹Жеке куәлік (электронды түрі де жарамды)
🔹Мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамасы
3. Өтініш толтырып, тексеруден өтіп, мемлекеттік баждарды төлеңіз.

⚠️ Маңызды: 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және тиісті жүргізуші куәлігінсіз басқару тыйым салынады.

Алдын ала тіркеуден өтіп, жүргізуші куәлігін алыңыз, ережелерді бұзудан және жолдағы жағымсыз жағдайлардан аулақ болыңыз. Қауіпсіздік – ережелерді сақтаудан басталады!