Абай облысының полицейлері волейболдан республикалық турнирдің чемпиондары атанды
Абай ауданында полиция капитаны Мұратбек Оралбекұлының құрметіне арналған ашық республикалық волейбол турнирі өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 20 команда қатысып, турнирлік бәсеке екі күнге созылды.
Тартысты және әсерлі ойындар барысында Абай облысы Полиция департаментінің командасы жоғары физикалық дайындықтарын, ұйымшылдықтарын және жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсете білді. Соның арқасында олар бірінші орынды иеленді. Финалдық кездесу турнирдің нағыз көркін қыздырып, біздің спортшыларымыз қайсарлық пен командалық рухтың үлгісін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтіп, Абай облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ернар Базаров чемпиондық кубок пен жүлделерді жеңімпаздарға табыстады. Өз сөзінде ол мұндай турнирлер полиция қызметкерлерінің командалық рухын нығайту мен спорттық шеберліктерін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Бұл турнир өз өмірін заң мен азаматтардың қауіпсіздігіне арнаған полиция капитаны Мұратбек Оралбекұлын еске алуға арналған маңызды іс-шара болды.
https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DF-DiGku1rK/