Абай облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қабылдануда.

Жыл басынан бері сағат 23:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс жерде жүруі үшін 94 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Жақында Үржар ауданында жүргізілген рейд барысында ювеналдық полиция қызметкерлері 22:00-ден кейін ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде жүрген 10-нан астам жасөспірімді анықтады. Сонымен қатар, кафе иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне қамқор болу – әрбір ата-ананың басты міндеті екенін еске салады. Түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында ересектердің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандар жоғары қауіпке ұшырап, құқық бұзушылықтардың құрбаны болуы немесе оларға қатысуы мүмкін.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DE4HLahtQHq/