Қар құрсауында қалдыңыз ба? Уайымдамаңыз!

 Қар құрсауында қалдыңыз ба? Уайымдамаңыз!

 Қар құрсауында қалдыңыз ба? Уайымдамаңыз!

Абай облысының полицейлері зейнеткерге көмек көрсетті. Көмек көрсету сәті видеотіркеушіге жазылды.

Қыс – тек табиғат үшін ғана емес, жүргізушілер үшін де сынақ кезеңі. Аягөз қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері қар құрсауында қалған ВАЗ-2107 автокөлігін байқап қалды.

67 жастағы жүргізуші өздігінен көлігін қардан шығара алмаған. Полицейлер зейнеткерге дереу көмекке келіп, көлікті абайлап қардан шығарып, жолға шығуына жәрдемдесті.

 Қиын жағдайға тап болған ақсақал өзінің шынайы алғысын білдірді:
«Полиция қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін рақмет айтамын. Сіздерге денсаулық тілеймін. Бар жақсылықты тілеймін».

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DEplDugt6vD/