
Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жарма ауданының полиция бөліміне жұмыс сапарымен барды.
Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Шалқар Маратұлы Құнанбаев Жарма ауданының полиция бөліміне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында ол аудандық бөлім басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізді. Шалқар Маратұлы ауданның ағымдағы жедел жағдайымен танысып, қылмыспен күресте полиция қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттерді талқылады.
Кездесу барысында алдын алу жұмыстарының және халықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді. Қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне және азаматтардың полицияға деген сенімін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Полиция полковнигі азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, ол полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысында тәртіп пен заңдылықты сақтаудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Сапардың қорытындысы бойынша полиция полковнигі Құнанбаев жедел жұмысты жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берді.