Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков жұмыс сапарымен Абай облысына келді

 Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков жұмыс сапарымен Абай облысына келді

 Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков жұмыс сапарымен Абай облысына келді.

Жұмыс сапары аясында Айдар Сайтбеков облыстық ПД бастығы Бектөре Сұлтанмен бірге арнайы бөлімшелердің орналасқан жеріне барып, Абай облысы Полиция департаментінің жұмысын тексерді.

 Бөлімшенің жұмысы туралы генерал-майорға жедел әрекет ету арнайы жасағының командирі полиция подполковнигі Бағдат Әлменов баяндады. Ол бөлімшеде жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру және ЖҚАЖ жеке құрамы үшін мәдени-демалыс орталығының жұмысы туралы айтты.

ЖҚАЖ жеке құрамы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, қылмысқа қарсы күреске белсенді қатысады, сонымен қатар облыс аумағында құқықтық тәртіпті сақтау бойынша маңызды міндеттерді орындайды.

Айдар Муталикович арнайы жасақты қару-жарақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етуге назар салды.

Кездесу барысында полиция генерал-майоры Сайтбеков ішкі істер министрінің ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдына қойған міндеттеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

 Әрбір полиция қызметкері антқа адал болуы керек, күнделікті жұмыста заңды қатаң ұстануы керек. Тек осылай ғана халықтың сенімін қамтамасыз етуге болады, - деп атап өтті ҚР ІІМ Министрінің орынбасары.

https://www.instagram.com/reel/C_IaQZtuYct/