
Ағымдағы жылдың 05 тамызында Абай облысы ПД КПБ қызметкерлері ҚР Ұлттық ұлан 5511 әскери бөлімінің жеке құрамымен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Абай облысының полициясы еске салады: алаяқтар жасына, әлеуметтік беделіне қарамастан, кез келген адамға хабарласуы және белгілі бір схема бойынша алдап кетуі мүмкін. Көп жағдайда қылмыскерлер банк қызметкері, полиция, ҰҚК және ұялы байланыс операторлары ретінде өздерін таныстырады. Ешқашан белгісіз тұлғалардың ұсынысы бойыша белгісіз сілтемелерге өтпеңіз және қашықтықтан басқарылатын қолданбаларды жүктеп алмаңыз.
Алаяқтар үнемі жаңа әдістер ойлап табатынын есте сақтаңыз. Сіздің қырағылығыңыз – алаяқтардан қорғаныс! Алаяқ екенін сезсеңіз – бірден «102» жедел арнасына, банктің жедел желісіне қоңырау шалыңыз.