Абай облысында полиция қызметкерлері сынған көліктің жүргізушісіне көмектесті

Абай облысында полиция қызметкерлері сынған көліктің жүргізушісіне көмектесті

Абай облысында полиция қызметкерлері сынған көліктің жүргізушісіне көмектесті

ВАЗ-2112 автокөлігінің бұзылуы 8 шілде күні Семей–Өскемен автожолында орын алды. Көліктің дөңгелегі жарылып, жүргізушіде құрал-саймандар және қосалқы дөңгелек болмағаны анықталды. Өтіп бара жатқан көліктерді тоқтату әрекеттері де сәтсіз болды.

Осы уақытта республикалық трассаның бұл бөлігін Таиров Дархан мен Нұрпейісов Досахмет құрамындағы патрульдік полиция ротасының экипажы патрульдеді. Жол жиегінде тұрған жеңіл көлікті көріп, тәртіп сақшылары тоқтап, жүргізушіден қандай көмек қажет екенін сұрады. Жүргізушінің мәселесін білген полиция қызметкерлері бірден қажетті көмек көрсетті: құралдарды, қосалқы дөңгелекті тауып, оны орнатуға көмектесті.

Содан кейін олар жақын маңдағы дөңгелек жөндеу шеберханасына дейін жеткізіліп, өз міндеттерін орындауға оралды. Автокөлік жүргізушісі патрульдік полиция қызметкерлеріне уақтылы көмек көрсеткені үшін үлкен алғысын білдірді.

«Шүлбі кентінен Семей қаласына қарай жол жүріп бара жатып едім. Жолда дөңгелек жарылып, әрі қарай жолымды жалғастыра алмадым. Тоқтап, маған көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне көп рахмет. Оларға табыс пен зор денсаулық тілеймін!»,- деді тәртіп сақшыларына ер адам.

https://www.instagram.com/reel/C9MtC_5ODj6/