Абай облысында алимент төлемеген 215 ата-ана анықталды

Абай облысында алимент төлемеген 215 ата-ана анықталды

Абай облысында алимент төлемеген 215 ата-ана анықталды.

Борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді іздестіру көші-қон қызметінің бағыттарының бірі болып табылады.

«Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс полицейлері қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген алимент төлеуден жалтарған 245 адамның 215 анықтады», – деп хабарлайды облыс ПД көші-қон қызметі бастығының орынбасары Бауыржан Иманғажанов.

Осылайша, полицейлер ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған үш баланы тәрбиелеуге одан әрі қатысуды тоқтатқан 43 жастағы борышкердің орналасқан жерін анықтады.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, алимент тек ер адамдар ғана емес, сонымен бірге балаларының тағдырына қызығушылық танытпайтын аналар да төлемейді. Сонымен, екі баласына қарыз болған 35 жастағы алимент төлемеген ана көрші облыста ұсталды.

Абай облысы Полиция департаменті атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңмен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

https://www.instagram.com/p/C89hGLEtwRr/