
Абай облысыда 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тәлімгерлер кеңесінің есептік кездесуін өткізді
Абай облысы Полиция департаментінің қабырғасында Департамент бастығының орынбасары полиция подполковнигі Исаков Бейбіт Мұратұлының төрағалығымен 2024 жылдың 1 жартыжылдық тәлімгерлердің есептік кездесуі өтті.
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің тапсырмасымен Абай облысы ПД тәлімгерлік институты жанданды. Тәлімгерлер кеңесінің құрамына көптеген жылдар бойы ішкі істер органдарында жұмыс істеген сондай-ақ тәрбие және кәсіби қызметте мол тәжірибесі бар ардагерлер кірді.
Қазіргі қазақстандық полицияның іргелі мақсаттарының бірі тәлімгерліктің рөлін қоса алғанда, жас буын мамандарын қолдауға ішкі істер органдарының ардагерлерін тарту болып табылады.
Кездесуде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқа 36 қызметкер атап өтілді, олардың құрметіне 4 батылдық бұрышы ашылды. Жаңа оқу жылының басында Семей қаласының №5 және №9 мектептерінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Ғаббас Әмірғалиев пен Серік Байсалықов атынмен алғашқы әскери даярлық сыныптарын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, Семей қаласының №5 мектебінде “Жас сақшы” жас полицейлердің кадет сыныбын ашу жоспарлануда.
Іс-шара соңында ішкі істер органдарының ардагерлері мен үздік тәлімгерлерге жас қызметкерлерді тәрбиелегені үшін облыс ПД бастығынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.