Абай облысында Қазақстан полициясы күнін алғаш рет салтанатты түрде атап өтті.
Алайда, Қазақстан полициясы күні өңірде биыл ғана салтанатты түрде атап өтілді.
Салтанатты іс-шара облыс орталығының орталық алаңында аймақ полициясының қаруындағы мамандандырылған техника мен арнайы құралдарды қараудан басталды.
Негізгі іс-шара Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрының концерт залында Полиция күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен жалғасты, онда 11 полицей ҚР ІІМ Ұлттық ұлан оркестрінің сүйемелдеуімен әнұранды орындады.
⚜️ Абай облысы әкімі Уранхаев Нұрлан Тельманұлы полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға амандық пен қызметте табыс тіледі. Бұл күні аймақ басшысы 5 полиция қызметкерін адам өмірін сақтап қалғаны және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін марапаттады.
🔰 ҚР ІІМ Министрі мен облыс ПД бастығының қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу туралы бұйрықтары оқылды. Үш полиция қызметкері мерзімінен бұрын және бір саты жоғары атаққа ие болды, бес қызметкер медальмен, қырық сегіз грамотамен, алты алғыс хатпен марапатталды, 12 қызметкерге алғыс жарияланды. Медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталған ҚР ІІМ ардагерлері де назардан тыс қалмады.
Департамент бастығы полиция генерал-майоры Бектөре Сұлтан. «Тәртіп сақшысы – халықтың қорғаны. Қылмысты ашып тергеуде, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор.Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те керек. Сабыр, төзімділік және қажырлы қайрат қажет. Ұстамды және сыпайы болуы да маңызды.Бұл күні біз өмірінің соңына дейін антқа адалдық танытып, қаза болған әріптестеріміздің жарқын бейнесі алдында басымызды иеміз. Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.»- деді өңірдің бас полицейі өз құттықтауында.
⚜️ Іс-шара соңында облыстық филармония әртістерінің мерекелік концерті өтті. Концерттің шақырылған жұлдызы қазақстандық эстрада әртісі Бауыржан Исаев болды, ол өзінің «Аяулым» хитін аймақ полицейлерінің күнделікті өмірінен алынған роликпен орындады.