Абай облысында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

Абай облысында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды

Абай облысында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ басталды.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында Абай облысының полиция департаменті ағымдағы жылдың 20-30 маусым аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел–профилакиткалық іс-шарасын өткізеді.

Тәртіп сақшылары елді мекендерді, әкімшілік учаскелер мен саяжай аумақтарын патрульдеп сондай-ақ, елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді анықтау, есепке алынған адамдарды бақылау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе тасымалдаған адамдарды тексеру және ұстау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Іс-шара аясында полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын негізге алады.

 Полиция департаменті барлық азаматтарын құқық бұзушылыққа тап болған жағдайда «102» жедел арнасына дереу хабарлауға шақырады.

https://www.instagram.com/p/C8Zo-15tAJX/