
Полиция мамандығындағы еңбек отбасы
Отбасылық әулеттер әрқашан дәстүрлерді сақтау мен сабақтастықтың, таңдалған мамандыққа құрметпен қараудың және өмір жолының үлгісі болды. Абай облысының полиция департаменті үшін полиция әулеті сирек емес. Бүгінде мұнда әр түрлі бөлімшелерде бүкіл өмірін ішкі істер органдарында қызмет етуге арнаған ардагерлердің балалары жұмыс істейді.
Аслан мен Еркебұлан Әбділбаевтар – өз өмірлерінде қиын жолды таңдаған ағайындылар-тәртіп сақшысы.
Олардың әкесі милиция майоры Әбділбаев Өміржан Тұрысбекұлы ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Әр жылдары басшылық лауазымдарда болып, 1998 жылы құрмет демалысына шықты. Полициядағы қажырлы еңбегімен ол балаларына үлгі болып, оларды ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды.
Әкесінің ізімен екі ұл да бала кезінен жұмыстың ауырлығы мен қиындығын біле тұра, әкелерінің жолын жалғастырды.
Қазір ағайындылар Ақсуат ауданының полиция бөлімінде қызмет етеді.
Аслан Әбділбаев-ағайындылардың үлкені. Ол қызметін Ақсуат ауданы Құмкөл ауылының учаскелік инспекторы қызметінен бастады.
“Мен ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бала кезінен полицияда қызмет етуді армандадым, форманы тезірек киіп, адамдарды қылмыскерлерден қорғауды армандадым. Менің балалық арманым орындалды, міне 17 жылдан астам Ішкі істер органдарында қызмет етіп келемін. Әкемнің жолын інім де жалғастырды. Ол мен сияқты Ақсуат ауданының полиция бөлімінде учаскелік инспекторы”, - деп бөлісті Аслан.