
Абай облысында “Заңсыз келуші-2024” жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысы шығарылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің арнайы алдын-алу профилактикалық іс шараларының жоспары аясында 2024 жылғы 3-9 маусым аралығында республикалық «Заңсыз келуші -2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шарасының қорытындысы бойынша Қазақстан республикасында болу ережесін бұзған барлығы 400 ден астам шетелдіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
27 шетелдік сот қаулысымен әкімшілік жолмен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар, Абай облысының 40 азаматы шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Абай облысының Көші-қон қызметі басқармасы, облыс тұрғындарын, Көші-қон саласы бойынша Қазақстан республикасының заңдылықтарын қатау сақтау қажеттігін ескертеді.
Алдағы уақыттада бұл бағытта жұмыстар жалғасатындығын жеткіземіз.