
Абай облысында шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз тартқаны үшін жеке кәсіпкерге айыппұл салынды
Абай облысы ПД Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Нелегал-2024” ЖПІШ барысында Тәжікстан Республикасының 7 азаматын анықтады, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз ғимаратты жөндеу жұмыстарымен айналысқан. Белгілі болғандай, шетелдіктер Қазақстанға ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында келген. Құжаттарды тексеру кезінде иммигранттардың еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны анықталды.
Шетелдік құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды.
Сондай-ақ, жеке кәсіпкерге қатысты жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін көлік полицейлер хаттама толтырып, 100 АЕК (369 200 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.
«Нелегал-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған 180-нен астам шетелдік жауапкершілікке тартылды.
Абай облысы ПД көші-қон қызметі ҚР-да уақытша тұратын шетелдік азаматтарға уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметтерін көрсетуге тыйым салынатынын ескертеді.