Абай облысының аумағында
“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ өткізудің 5 күнінде 1100 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Абай облысының аумағында 1-10 маусым аралығында өткізілетін “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
5 күн ішінде Абай облысының аумағында 1100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жаяу жүргіншілер қозғалысында артықшылық бермеудің 85 фактісі, түнгі ақытта тыныштықты бұзудың 37 фактісі, белгіленбеген жерден жолдан өту 132 фактісі.
Кінәлі тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
174 күйінде қоғамдық орындарда азамат мас болып, спирттік ішімдіктерді ішуге байланысты заңнама талаптарын бұзды. 54 азамат мас күйінде уақытша бейімделу орталығына орналастырылды. Ювеналды полиция қызметкерлері түнде ата-анасыз үйден тыс жерде болған 110 кәмелетке толмағандарды анықтады.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілердің белгіленген жылдамдықтан асып кетуінің 109 фактісін, мас күйінде көлік құралын басқарудың 9 фактісін анықтады.
Учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органдарында әртүрлі санаттар бойынша есепте тұрған адамдарға күнделікті тексеру жүргізеді.
Бүгінгі таңда 1560 есептік тұлға тексерілді.