Абай облысында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Абай облысында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды




Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдарға балық уылдырық шашу кезеңінде браконьерліктің жолын кесу бойынша жәрдем көрсету мақсатында 2024 жылдың 16 сәуір мен 31 мамыр аралығында облыс аумағында балық пен балық өнімдерін заңсыз аулауды, ұрлауды, әкетуді, алып кетуді, алып жүруді немесе өткізуді анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

ЖПІШ басталғаннан бері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері балық аулау ережелерін бұзу саласында 82 - ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 1 642 940 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, балық ресурстарын заңсыз өндірудің 2 фактісі тіркеліп, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қана емес, сонымен қатар, үш мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдан, мүлкі тәркіленіп, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

https://www.instagram.com/p/C7vhkB9tkMB/