
Абай облысының полицейлері шұғыл қызметтердің көліктеріне артықшылық беруді сұрайды.
Жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, сондай-ақ жүргізушілерге “Жедел жәрдем” көліктеріне басым жол жүру құқығын беру қажеттігі туралы еске салу мақсатында Семей патрульдік полициясы қалада рейд жүргізді.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге санаулы секундтар адам өмірін сақтап қалу мәселесін шешуі мүмкін екенін түсіндірді.
“Жолда жедел жәрдемді көргенде, өмір мен өлім мәселесі болуы мүмкін екенін біліңіз. Ішінде шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адам болуы мүмкін және әр секунд маңызды”, - деді полиция қызметкерлері.
Естеріңізге сала кетейік, арнайы қызмет көліктеріне басымдық бермегені үшін 25 844 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.