Абай облысында полиция қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл салуда

Абай облысында полиция қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл салуда

 


Абай облысының аумағында ұсақ құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын іске асыру шеңберінде тәртіп сақшылары жалпы пайдалану орындарын ластайтын бұзушыларды анықтау және жауапқа тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Жыл басынан бері аймақ полицейлерінің жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 4 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл ретте, тәртіп сақшылары қоғамдық орындардың ластануының негізгі бөлігін бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады.

Полицияның бейнебақылау инспекторлары мұндай бұзушылықтар анықталған кезде дереу патрульдік нарядтарды жібереді, онда олар бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырады.

‼️ Бұзақылық үшін 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл түрінде жаза қолданылады. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - 10 АЕК немесе 36 920 теңге.

https://www.instagram.com/reel/C7O12x7tWg0/