
Абай облысының полицейлері жоғалған бес жасар қызды тапты
17 мамыр күні Семей қаласы ПБ Жедел басқару орталығының 102 арнасына жергілікті тұрғыннан бес жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол баласының аулада ойнауға шығып, жоғалып кеткенін айтты.
Абай облысы Полиция департаментінің жеке құрамы баланы іздеуге бағытталды.
Полицейлер тұрғын үйлердің аулаларын, ойын алаңдарын, сондай-ақ дүкендерді аралады.
Жарты сағаттан кейін Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қызды үйінен бірнеше ықшам аудан қашықтықта құрбысымен бірге тауып, ата-аналарына тапсырды.
Құрметті ата-аналар, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Абай облысы Полиция департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды!