«Сергек» камераларының көмегімен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзушы анықталды

«Сергек» камераларының көмегімен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзушы анықталды

«Сергек» камераларының көмегімен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзушы анықталды

Ағымдағы жылдың 17 мамырында сағат 10.00 шамасында облыс орталығының Морозов көшесі бойында белгісіз көлік құралымен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу фактісі жіберілді, яғни жолға қиыршық тас шашылды.

Құқық бұзушы «Сергек» бейнекамераларының көмегімен анықталды. Ол КамАЗ жүргізушісі болып шықты. Жүргізушіге қатысты жолдарды бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға, сондай-ақ жолдардағы қауіпсіздік ережелерін қамтамасыз етуге шақырады.

https://www.instagram.com/reel/C7ElDGltFxZ/