
Кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарған борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту және сот үкімін орындамау мәселесін бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске Департаменттің анықтау басқармасының, Семей қ.ПБ және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, әділет Департаменті бастығының орынбасары, жеке сот орындаушылары, облыстық және қалалық прокуратура өкілдері қатысты.
Борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған бірқатар мәселелерді шешу мақсатында Абай облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Қ. Такжанов қылмыстық істі сотқа жіберу үшін қажетті құжаттар тізбесі мен ұсыныстарды жіберу тәртібін түсіндірді.
Кеңес соңында қатысушылар өткен кездесудің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, осы бағыттағы одан әрі жұмыс пен ынтымақтастық бойынша бірлескен ұсынымдар әзірледі.