Семей қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатында 1995 жылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Семей облысы ІІБ Шар ішкі істер бөлімінің милиция кіші сержанты Болат Төлеутайұлы Базаровты еске алуға арналған «Батылдық бұрышы» ашылды.
Іс-шараға Абай облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы, Семей қаласы Полиция басқармасының басшылығы және кадр аппаратының қызметкерлері, ерлер мектеп-лицейінің басшылығы, Болат Базаровтың жұмайы мен туыстары қатысты. Патриоттық тәрбие беру мақсатында, шараға Семей қаласы ПБ Затон полиция бөлімінің жас қызметкерлері, «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-лицейінің ұландары қатысты. «Батылдық бұрышының» ашылуы Болат Базаровты бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Шар АІІБ-нің кіші инспектор-кинологы полиция кіші сержанты Болат Базаров ішкі істер органдарында небәрі 1 жыл қызмет етті және қызметтік қажеттілігіне байланысты буктурмада қайғылы қаза тапты. Іс-шара барысында әйелі Гүлмираш Базароваға, әкесінің жолын қуған және қазіргі уақытта Абай облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі лауазымында жұмыс істейтін Болат Әнуар ұлын лайықты тәрбиелегені үшін алғысы мен құрметін білдіру басты сәттердің бірі болды.