Абай облысының азаматтары 7 күнінде өз еркімен 43 бірлік қару тапсырды

Абай облысының азаматтары 7 күнінде өз еркімен 43 бірлік қару тапсырды


Ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі.

Акцияны өткізудің 7 күнінде Абай облысының азаматтары өз еркімен 43 бірлік қару тапсырды, оның ішінде 5 мылтық, 38 тегіс ұңғылы барлығы 3 миллион теңгеден астам соманы құрады.

Азаматтардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру қағидаларына сәйкес атыс қаруының барлық түрлері, оқ-дәрілер, сондай-ақ жарылғыш заттар сатып алуға жатады.

Төлемдер сомасы 10-нан 100 АЕК-ке дейін немесе ақшалай баламада басталады, бұл 36 920 теңгеден 369 200 теңгеге дейін.

Сондай-ақ, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске саламыз.