
Абай облысында үздік тергеушілерді марапатталды
Үздік тергеушілер кәсіби мереке аясында марапатталды. Тергеу бөлімшесінің күніне орай Абай облысы Полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Оған аумақтық полиция бөлімдерінің тергеушілері қатысты.
Марапаттар ішкі істер министрі мен облыстық полиция департаменті бастығының атынан табысталды. Лайықты азаматтар мен өз ісінің мамандарын тәрбиелеген жас тергеушілердің ата-аналарына жеке құрмет көрсетілді. Департамент бастығының бұйрығымен кәсіби мерекеге орай 41 қызметкер түрлі наградалармен марапатталды.
“Тергеуші атағы қашанда болмасын мәртебелі және беделді, еңбек жолында өсу мен дамуға жан – жақты мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, мамандықтың қиын тұсы да көп. Сіздерді төл мерекелеріңіз – Тергеушілер күнімен құттықтаймын! Тәуелсіз, егеменді еліміздің тұғыры асқақтап, жарқын белестерден көріне берсін. Қылмысқа қарсы күресте шыдамдылық, батылдылық пен күш – жігер, ал жеке өмірлеріңізде отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!” - деп атап өтті полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Дәулетқазыұлы Закимов.
Бүгінгі таңда Абай облысы Полиция департаментінде 150-ге жуық анықтаушы мен тергеуші қызмет етеді.