
Абай облысын ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері Щучинск қаласында өткен қазақ күресі бойынша жарыста үшінші орынға ие болды.
“Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының XI ведомствоаралық спартакиадасы және ҚР ІІМ XI Спартакиадасы шеңберінде 2024 жылғы 1-3 сәуір аралығында Щучинск қаласында Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарының, Күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында “қазақ күресі” бойынша жарыс өткізілді.
Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық спортшы қатысты.
66 кг салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орынды Абай облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция лейтенанты Сабралиев Ринат иеленді. Сондай-ақ, 90 келі салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орынды Абай облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция аға лейтенанты Хасенов Айдар иеленді.
Өз кезегінде Департамент басшылығы мен жеке құрамы спортшыларды жеңіспен құттықтап, одан әрі спорттық және қызметтік жетістіктер тілейді.