
Абай облысының аумағында 21-31 наурыз аралығында өткізілетін “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады. Бұл шара Наурыз мерекесіне орай ұзақ демалыс күндерімен байланысты.
5 күн ішінде Абай облысының аумағында 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 134 ұсақ бұзақылық, 18 тыныштық бұзушылық фактілері. Кінәлі тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қолданыстағы Кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
166 азамат мас күйінде болуына, сондай-ақ қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішуге байланысты заңнама талаптарын бұзды. Мас күйінде 37 азамат уақытша бейімдеу және мас болу орталығына орналастырылды. Ювеналды полиция қызметкерлері түнде ата-анасыз үйден тыс жерде болған 54 кәмелетке толмағандарды анықтады.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілердің белгіленген жылдамдықтан асып кетуінің 16 фактісін, мас күйінде көлік құралын басқарудың 4 фактісін анықтады.
Учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органдарында әртүрлі санаттар бойынша есепте тұрған адамдарға күнделікті тексеру жүргізуде. Сондай-ақ, насыбайды сату фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда.