Абай облысының полицейлері қозғалтқышы сынған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Абай облысының полицейлері қозғалтқышы сынған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Абай облысының полицейлері қозғалтқышы сынған ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Алматы-Өскемен тас жолында камаз көлігінде кенеттен қозғалтқыш істен шыққан. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі ұзақ уақыт бойы ақаулықты өздігінен жоюға тырысты, бірақ көлікті іске қоса алмады.

Оған патрульдік полиция ротасының инспекторлары - полиция капитаны Ержан Закишев пен полиция лейтенанты Болатбек Сайдрахманов көмекке келді. Олар трассада патрульде болды және апаттық дабыл қосылған жол жиегінде тұрған жүк көлігін байқады. 

Тәртіп сақшылары автожол учаскесінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, көлікті аатотұраққа сүйреп апарды. Жүргізуші полицейлерге көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.