«Есірткіге қарсы спорт» ұранымен баскетболдан турнир өтті.

«Есірткіге қарсы спорт» ұранымен баскетболдан турнир өтті.

«Есірткіге қарсы спорт» ұранымен баскетболдан турнир өтті.

Абай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу арқылы салауатты өмір салтын кеңінен насихаттайды.

Наурыз мерекесі қарсаңында Семей қаласындағы «Абай арена» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында баскетболдан турнир өтті. Спорттық іс-шара «есірткіге қарсы спорт» ұранымен өтті.
Басқарманың жеке құрамы жастар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді, спортпен айналысатын ұлдар мен қыздарға барлық қолдау көрсетеді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Гаухар Еспаева турнир қатысушыларына зор денсаулық, жауынгерлік рух және мақсатқа ұмтылыс тілеп, спорттық құрал-саймандарды сыйға тартты.