
Абай облысында полицейлер бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткендерге айыппұл салуда
Бағдаршамның қызыл түсіне өту-бұл жиі ауыр зардаптармен апатқа әкелетін бұзушылық. Бірақ бұған қарамастан, жүргізушілер көбінесе бағдаршамның тыйым салу сигналдарына назар аудармайды немесе тез өтіп кетуге үміттенеді.
Жыл басынан бері Абай облысында бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп кеткені үшін 1636 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып.
Аталған бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК 599-бабының 1-бөлігіне сәйкес 10 АЕК немесе 36 920 теңге айыппұл түрінде жаза қолданылады. Ал бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін - 15 АЕК немесе 55 380 теңге.
Құрметті жүргізушілер! Абай облысы Полиция департаменті Сіздерден жол қозғалысының барлық ережелерін сақтауларыңызды сұрайды.