Абай облысының аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Абай облысының аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Ағымдағы жылдың 11-13 наурыз аралығында мемлекеттік кірістер басқармасы және сот орындаушылары өкілдерімен бірлесе отырып, Абай облысының аумағында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Аталған іс-шараның мақсаты жазаның бұлтартпаулығы, салынған айыппұлдарды уақытылы өндіріп алу қағидатын қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабы 1-бөлігіне сәйкес «егер де әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және аспаптарымен тіркелсе, айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым тиісінше жеткізілген уақыттан бастап тұлға көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшеріндегі айыппұлды 7 тәулік ішінде төлеуге құқылы.