Абай облысының полицейіне Президенттің Алғысы жарияланды

Абай облысының полицейіне Президенттің Алғысы жарияланды


 2024 жылдың 2 наурызында Көкпекті ауданында құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде көрсеткен қызметтік борышын адал орындағаны, ерлігі мен жанқиярлығы үшін Көкпекті АПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Данияр Қайырқановқа Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды.
Марапатты полиция қызметкеріне салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов табыс етті.

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ден астам автокөлік құралы қарлы тұтқында болғаны белгілі.

Өміріне қауіп төнгеніне және қиын метеорологиялық жағдайларға қарамастан, Абай облысындағы трассада нөлдік көріну кезінде тәртіп сақшысы жолға шығып, қарда қалған жүргізушілерге жол көрсетті.

Құтқару операциясын жүргізу кезінде азаматтық қорғау органдары мен ПД 381 адамды, оның ішінде 19 баланы құтқарды.