Өткен үш аптада Абай облысының полицейлері жолдарда 4 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады.

Өткен үш аптада Абай облысының полицейлері жолдарда 4 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады.

Өткен үш аптада Абай облысының полицейлері жолдарда 4 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады.

Абай облысының полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады !

Абай облысының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 5-25 ақпан аралығында Абай облысында “Қауіпсіз жол”республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Облыс жолдарында патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы ережелерін 4 мыңнан астам бұзушылықты анықтады, оның ішінде жергілікті және Республикалық маңызы бар жолдарда 1 277 бұзушылық.

Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер көлік құралдарын тиісті рұқсатсыз түрлендірген 80-нен астам жүргізушіні анықтады, 250 жүргізуші автокөлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланды, 700-ден астам жүргізуші мен жолаушы қауіпсіздік белдіктерін пайдалануды елемеді.

Жол қауіпсіздігінің ең өрескел бұзушылықтарының бірі-мас күйінде көлік құралын басқару. Профилактикалық іс-шара барысында 30-дан астам факт анықталды. Сондай-ақ, 12 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, рульге отырды. 300-ден астам жаяу жүргінші жолдың өту ережелерін бұзды.