
Абай облысы ПД қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары аясында есірткіні ірі көлемде сақтаған адамды ұстады.
Алматы-Өскемен автотрассасының 850 шақырымында жедел уәкілдер патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторларымен бірлесіп, тыйым салынған заттарды тасымалдады деген күдік бойынша УАЗ көлік құралын тоқтатты. Полицейлер тінту жүргізді, нәтижесінде 30 жастағы жолаушының күртешесінің қалтасынан белгілі бір иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заттың қағаз бумасын тапты.
Сараптама қорытындысына сәйкес-ер адамнан алынған зат есірткі болып табылады-жалпы салмағы 2 кг-нан асатын кептірілген марихуана.
Аталған факті ҚР ҚК 296-бабы бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.