Абай облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ауа-райының қолайсыздығында күшейтілген нұсқада қызмет атқаруда

Абай облысы Полиция департаментінің жеке құрамы ауа-райының қолайсыздығында күшейтілген нұсқада қызмет атқаруда


Бірқатар аудандардағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты полиция қызметкерлері тас жолдағы оқиғалардың алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдауда.

Басты мақсат - әрбір жүргізуші межелі жерге жетуі.

Бородулиха ауданында төтенше қызметтердің боран туралы ескертулеріне қарамастан, көптеген жүргізушілер елді мекендерден тыс жерлерге шығып, қарлы боран құрсауында қалды.

Полицейлер қозғалысын жалғастыра алмайтын жолаушылар автобусы туралы хабарлама алып, қатты қарлы боран мен жолдың көрінбейтіндігіне қарамастан жолға шықты.

 Тәртіп сақшылары тас жолда автобусты тауып жақын маңдағы елді мекенге алып жүрді.

Шаршағанжолаушылар мен автобус жүргізушісі полиция қызметкерлеріне қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Олардың денсаулығыга ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

 Бұл жағдайда әрбір жүргізуші жолға нөлдік көріну жағдайында шыққан кезде өз өміріне және жолаушыларға қауіп төндіретінін түсінуі керек.

Жолдардағы қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ ауа-райының қолайсыздығы жағдайында елді мекендерден тыс жерлерге шықпау туралы өтінеміз!