«Қауіпсіз жол» ЖПІШ. Абай облысында 2000 жол ережесін бұзушылық анықталды

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ. Абай облысында 2000 жол ережесін бұзушылық анықталды


Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шараларын өткізуде.

 8 күн ішінде тәртіп сақшылары 2000 бұзушылықты анықтап, жолын кесті, оның ішінде көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 20 факт.

 Полицейлер жаяу жүргіншілермен де жұмыс жасауда. Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 200-ден астамын жаяу жүргіншілер анықталды. Барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.