
Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға Омбы-Майқапшағай тас жолының 899 шақырымында түнгі сағат 1:00 шамасында орын алған. 26 жастағы Mitsubishi Montero жүргізушісі Жарма ауданы Қалбатау ауылына қарай 27 жастағы ер адамның басқаруымен TOYOTA Estima маркалы автокөлікті жұмсақ ілініспен сүйреп апарған.
Жол бойында сүйреткіш тросы үзілуі орын алды, нәтижесінде көлік құралын аударылуына себеп болды.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы Toyota Estima жүргізушісі алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 20.5 бөлімі 3,5 бөлігіне сәйкес, егер егер оның нақты массасы сүйреткіш көлік құралының нақты массасының жартысынан астамын құраса, жұмыс істемейтін тежегіш жүйесі бар көлік құралын сүйретуге тыйым салынады. Нақты салмағы аз болған кезде мұндай көлікті сүйретуге тек қатты тіркемеде немесе ішінара тиеу әдісімен ғана жол беріледі. Қыс мезгілінде көктайғаққа икемді ілініспен сүйреуге мүлдем тыйым салынатынын ескертеді!