Абай облысының полицейлері “Sergek Qorgau” қосымшасының көмегімен жол ережесін қасақана бұзушыларды анықтауда

Абай облысының полицейлері “Sergek Qorgau” қосымшасының көмегімен жол ережесін қасақана бұзушыларды анықтауда

Абай облысының полицейлері “Sergek Qorgau” қосымшасының көмегімен жол ережесін қасақана бұзушыларды анықтауда.

Семей қаласының полицейлері тұрақты негізде “Sergek Qorgau” жүйесін пайдалана отырып жұмыс жүргізуде, бағдарламаның басты мақсаты қауіпті ықтималдығы бар жүргізушілерді анықтау болып табылады.

Осы қосымша арқылы қылмыс жасалған көліктерді, жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен және де сақтандыру полисі мен техникалық байқау құқығынан айырылған жүргізушілер, сонымен қатар айыппұлдар мен алименттерді төлемейтіндерді, оларға қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген мерзімінен бұрын босатылған жүргізушілерді, сондай-ақ жалған нөмірлерді анықтауға мүмкіндік береді.

 Мәселен, ағымдағы жылдың 24 қаңтарында облыс орталығындағы Шәкәрім көшесінде “Sergek Qorgau” АӨК пайдалана отырып, патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары, 8 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылған “Toyota Camry” маркалы автокөлігін басқарған жүргізушіні анықтады.

 Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамалып, көлік құралын басқару құқығынан айырылған әйел жүргізуші көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Азаматшаға 184 600 теңге айыппұл көлемінде немесе он тәулікке әкімшілік қамауға алуды құрайды.

Құрметті жүргізушілер!
Абай облысы Полиция департаменті автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол қозғалысының басқада қатысушыларына қауіп төндірмеуге шақырады!