
Абай облысында дәстүрлі және спорттық самбодан облыс чемпионаты өтті, оған 300-ден астам спортшы қатысты. Полиция департаментінің арнайы бөлімшенің жауынгерлері жоғары спорттық көрсеткіштерді көрсетті.
Бірінші құрметті орындарды 58 кг салмақ дәрежесінде полиция кіші лейтенанты А. Асқаров, 71 кг салмақ дәрежесінде полиция лейтенанты М. Оралбекұлы, 79 кг салмақ дәрежесінде полиция аға лейтенанты Е. Нұртасов, 98 кг салмақ дәрежесінде полиция лейтенанты Т. Сатаев және полиция аға лейтенанты Д. Секен иеленді.
Қызықты күресте екінші орынды 79 кг салмақ дәрежесінде аға инспектор Ж. Тұяқов және полиция кіші сержанты В. Шестаков жеңіп алды.
98 кг салмақ дәрежесінде үшінші орынды полиция сержанты, И. Ғабитов 53 кг салмақ дәрежесінде, полиция лейтенанты Р. Советқалиев, полиция кіші сержанты С. Надиров және полиция лейтенанты Н. Увалиев 71 кг салмақ дәрежесінде, 79 кг салмақ дәрежесінде полиция аға лейтенанты С. Трусбеков, 88 кг салмақ дәрежесінде полиция аға лейтенанты А. Хасенов және полиция лейтенанты Д. Берікжанов иеленді.
Полицей-спортшылар қызмет өткерумен, кезекшілікпен және күнделікті қызметтік сипаттағы жаттығулармен қатар өздерінің спорттық шеберліктерін тынымсыз шыңдайды. Спорт залы олар үшін екінші үйге айналды, ал тұрақты жаттығулар өмір салты болды.