
Бүгінгі таңда полиция алдында тұрған басты міндеттердің бірі-қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу.
Өткен жылы жүргізілген талдау аймақтағы әрбір екінші кісі өлтіру мас күйінде немесе алкогольдік ішімдіктерді бірге ішкен кезде жасалғанын көрсетті.
Мас күйінде қылмыс фактілерінің жолын кесу мақсатында Абай облысының полицейлері көлемді жұмыс жүргізуде.
♦️ Өткен жылы мас күйінде пайда болғаны үшін 8285 адам жауапкершілікке тартылды, 385 ерекше талап белгіленді, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салуға құқық бұзушыларға қатысты соттың 295 қаулысы шығарылды.
Сонымен қатар, жұмыс түнгі уақытта алкогольді сатуға мүмкіндік беретін кәсіпкерлермен де жүргізіледі.
Мәселен, 16 қаңтарда Көкпекті ауданында 45 жастағы кәсіпкер жергілікті тұрғынға түнгі уақытта алкоголь сатқан. Бұл ретте дүкенде алкоголь өнімін сатуға рұқсат беру құжаттары (лицензиясы) болмаған.
Нәтижесінде дүкен иесі ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған баптың санкциясымен 25 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Абай облысы Полиция департаменті ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабына сәйкес (мейрамханаларда, барларда және кафелерде сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуге) сағат 23-тен келесі күннің сағат 8-ге дейін тыйым салынғанын, сондай-ақ этил спиртінің көлемдік үлесі отыз пайыздан асатын алкогольге сағат 21-ден келесі күннің сағат 12-ге дейін тыйым салынғанын еске салады.