Біздің қамқорлығымыз: Абай облысының полиция қызметкерлері қарттарға көмек көрсетуде

Біздің қамқорлығымыз: Абай облысының полиция қызметкерлері қарттарға көмек көрсетуде


Учаскелік полиция инспекторы - барлық полиция мамандықтарының ішінде ең «халықшыл» болса керек.

Себебі тек қана учаскелік полиция инспекторы белгілі бір аумақта, азаматтардың тұрғылықты жерінде қоғамдық қауіпсіздікке тікелей жауапты. Әрқайсымызда учаскелік полиция инспекторының жұмысы туралы жалпы түсінік бар. Көбісі түрлі жағдайларға байланысты «өздерінің» учаскелік полиция инспекторымен сөйлесіп, көмек сұрауға мәжбүр болды. Сондықтан да жергілікті полиция қызметін ішкі істер органдарының халықпен жұмыс жасаудағы бірінші буыны деп бекер айтпаған.

Көкпекті ауданының тәртіп сақшылары ауа-райының қолайсыздығына қармастан өздерінің қызметтік міндеттерін атқара жүріп, ауданның тұрғындарын да ойлауды ұмытпай, оларға қол ұшын созып, көмек көрсетуге асығады.

 Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері ауданымыздың зейнеткері Арабеш Филисада Ивановнаның үйіне барып, аула мен көшесін қардан тазалап, ағаш жарып, көмірін үйге кіргізіп берді.

Өз кезегінде зейнеткер апамыз тәртіп сақшыларына өз алғысын білдірді.