
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Абай облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобының қызметкерлерін бағдарлау бойынша патрульдік полиция батальонының инспекторлары Семей қаласында солтүстік бағытта мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз келе жатқан «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полицейлер осы автокөлік құралының 27 жастағы жүргізушісі әкімшілік айыппұлдарды қасақана төлемейтінін анықтады. Оның атына жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 1 млн 458 мың теңге болатын 79 әкімшілік айыппұл жиналған.
Тәртіп бұзушының көлігі қарызы толық өтелгенше арнайы тұраққа қойылды, жүргізушімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.