Өткен 2023 жылы Абай облысының аумағында кәмелетке толмағандардың үйінен кетудің 45 фактісі тіркелді, олар бір тәуліктен астам үйде болмады

Өткен 2023 жылы Абай облысының аумағында кәмелетке толмағандардың үйінен кетудің 45 фактісі тіркелді, олар бір тәуліктен астам үйде болмады


🔰Өткен жылдың 12 айында «102» жедел арнасына балалардың үйден кету фактілері туралы барлығы 100-ден астам хабарлама келіп түсті.

🔰2024 жылдың басынан бастап кәмелетке толмаған балалардың үйден кетуінің 3 фактісі тіркелді.
Жоғалған кәмелетке толмағандарды іздеуге Абай облысы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы дереу бағдарланады. Тәртіп сақшылары іздестіру іс-шаралары барысында кәмелетке толмағандардың үшеуінің де орналасқан жерін анықтады. Балалар заңды өкілдеріне аман-есен тапсырылды.

🔰Кәмелетке толмағанның үйден кетуінің әрбір фактісі бойынша ювеналды полиция инспекторлары өздері оқитын оқу орындары әкімшілігінің өкілдеріне ресми түрде хабарлама жолдады, сондай-ақ ата-аналарымен де, кәмелетке толмағандармен де профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 Көбінесе балалар отбасылық қақтығыстар мен түсініспеушіліктерге байланысты үйден кетеді. Балалардың кетуінің тағы бір себебі-ата-аналарының алкогольдік ішімдіктерді тұтынуы.

🔰Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болу, ойын-сауық орындарында болу, алкогольдік ішімдіктер ішу фактілерін анықтауға бағытталған күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Барлық анықталған құқық бұзушылықтар әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады.

🔰Абай облысының Полиция департаменті бала өз еркімен үйден кетіп қалды ма, әлде хабар-ошарсыз кетті ме, дереу «102»арнасына хабарласу қажет екенін еске салады.