Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заңнамаға енгізілген түзетулерге қатысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заңнамаға енгізілген түзетулерге қатысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда


🔰Абай облысы Полиция департаментінің зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі қызметкерлері “Отбасы орталығы” қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесіп еріктілермен және жұртшылықпен тақырыптық кездесу өткізді. Осы іс-шараның негізгі мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын мәселесін өзектендіру болып табылады. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдататын түзетулерді, проблемалық мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Заңнамаға түзетулер енгізу жәбірленуші тараптың өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша заңнамада белгіленген жауапкершілікке тарту үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштің жазбалары жеткілікті. Соңғы шешімді сот қабылдайды.

🔰Өткен жылы Абай облысы бойынша отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 2 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, 2 800-ден астам қорғау ұйғарымдары шығарылды, мінез-құлыққа 380 ерекше талаптар белгіленді.