
🔰Жаңа жыл қарсаңында заңсыз ағаш кесуді, дайындауды, жас қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау мен өткізуді болдырмау мақсатында Абай облысының аумағында 15-31 желтоқсан аралығында «Шырша-2023»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
🔰Профилактикалық іс-шара шеңберінде табиғатты қорғау полиция қызметкерлері 63 рейдтік іс-шара өткізді, оның барысында 36 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде жасыл желектерді ұстау және қорғау қағидаларын бұзудың 14 фактісі, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің, жоюдың немесе бүлдірудің 2 фактісі, белгіленбеген жерлерде сауданың 20 фактісі анықталды.
🔰Сондай-ақ, 2023 жылғы 30 желтоқсанда Бесқарағай полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының инспекторлары «Семей орманы» филиалының Джемур орманшылығы аумағында «қарағай» тұқымының ағаштарын заңсыз кесу фактісін анықтады. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.