
Ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында облыс орталығындағы аулалардың бірінде "LEXUS" жүргізушісі мас күүйінде көлік құралын басқарғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Патрульдік полиция батальоны ішкі істер органдары қызметкерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 613-бабының 9-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған 32 жастағы жүргізушісін ұстады. Атап айтқанда, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтаруы.
Аталған баптың санкциясымен жүргізуші жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қамалды.
"Абай облысы Полиция департаменті күдікті көлік туралы хабарлаған азаматқа алғысын білдіреді. Ол өз әрекетімен ықтимал ауыр апаттың алдын алуға көмектесті, - деді патрульдік полиция батальонының командирі Мерхат Калелов.
⚡️ Мұндай нәрсе қоғамдық өмірдің нормасына айналуы керек. Бұл идеяның негізгі қағидасы бүкіл қоғамды шоғырландыру және ондағы кез-келген бұзушылыққа төзбеушілікті қалыптастыру болуы керек. Отбасындағы, көшедегі, ұжымдағы әрбір адамның заңды мінез-құлқы тұтастай алғанда заңдылықтың жай-күйіне оң әсер ететіні сөзсіз.