Семей полицейлері жоғалған 50 бас малды иесіне қайтарып берді

Семей полицейлері жоғалған 50 бас малды иесіне қайтарып берді


11 желтоқсанда Әуезов полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзінің ірі қара малының жоғалғаны туралы хабарлап көмек сұрапды. Ер адам ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында түскі уақытта Семей қаласынан 40 шақырым қашықтықта Знаменка тас жолындағы шаруа қожалығының аумағынан 50 бас мал жоғалып кеткенін түсіндірді.

Аталған факті ҚР ҚК 188-1-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өтініш келіп түскеннен кейін полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын ұйымдастырды. Мал іздеуге атты полиция, қарда жүретін көліктер жұмылдырылды, сондай-ақ жақын маңдағы аумақты айналып өту үшін дрон көтерілді.

Бір тәулік ішінде ауа-райының қолайсыздығында, көшеде температураның күрт төмендеуі байқалған кезде, полицейлер отбасының жалғыз табыс көзін іздестіру шараларын жүргізді.

Іздеу шараларының нәтижесінде жоғалған сиырларды ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында ғана табылды. Қаланың криминалдық және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қарағаштар арасында далада жоғалған жерден 18 шақырым қашықтықта жоғалған малды тапты.

Өз кезегінде мал иесі полиция қызметкерлеріне жедел әрекеттері үшін алғысын білдірді. Өйткені, іздеуді кейінге қалдыру малдың өліміне әкеп соқтырар еді.