Республика күні Абай облысының полициясында атап өтілді.

Республика күні Абай облысының полициясында атап өтілді.

Облыс Полиция департаментінде Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Абай облысы Полиция департаментінің үлкен залында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Департамент басшылығы мен жеке құрам қатысты.

⚜️Департамент бастығы Бектөре Сұлтан қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтады– Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы басты мерекелердің бірі-Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн-халқымыз үшін ең маңызды және ұлы мереке. Еліміздің туы әрқашан көтеріліп, болашақ гүлдене берсін. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – тәуелсіздік, келісім мен бірлік нығайсын! Баршаңызға бейбітшілік пен амандық, бақыт пен табыс тілеймін, - деді ол.

Салтанатты шара барысында ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің құттықтау жеделхаты оқылды. Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметкерлер марапатталды. Абай облысы ПД бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарған 44 Департаменттің қызметкерлері марапатталды.

Аягөз ауданында балалар қаза табу себебінен іс-шара концерттік бағдарламасыз өтті.