
Абай облысы Полиция дерартаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Елдос Закимов ӨКҚ алаңында тұрмыстық зорлық зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту туралы баяндады және статистикалық деректерді ұсынды:
Полиция енді жәбірленушінің өтінішінсіз тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларын тіркей алады;
Ағымдағы жылы еліміздің заңнамалық актілеріне бірнеше толықтырулар енгізілді, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық күшейтілді, аталған баптың екінші бөлігіне «Дәрменсіз күйдегі кінәлі адаға көрінеу, не кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелді адамға қатысты»3-тармақ қосылды, санкциясы 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді;
Ағымдағы жылы облыста 1 633 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді;
2 301 агрессорға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды және 304 адамға мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленді.
Сотта тараптарды татуластыру рәсіміне қойылатын талаптар күшейтілді: құқық бұзушылық қайталанған кезде тараптарды татуластыру мүмкін болмайды, бұл абьюзерлердің зардап шеккендерге психологиялық қысым жасау тәжірибесін тоқтатуға мүмкіндік береді;
Біздің өңірде тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтарды психологиялық және құқықтық қорғау үшін арнайы дағдарыс орталығы ашылды;
Дағдарыс орталығында әйел тергеушілер айыптау істерін жүргізеді және тергейді, бұл қылмысты тергеудің тиімділігін арттырады;
Дағдарыс орталығында оңалтудан өту үшін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер орталыққа өз бетінше жүгіне алады немесе полиция қызметкерлерінің тікелей көмегімен жасай алады.